1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Бұған дейін қазақстандық ӘМСҚ мен Литваның МСҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. 2024 жылдың 12-нен 14-не дейінгі аралығында Астанада өткен кеңес барысында екі қордың өкілдері тығыз қарым-қатынасты жандандыру және тәжірибемен тұрақты алмасу туралы келісті. «Жалпы елдеріміз арасында бірқатар негізгі және стратегиялық бағыттар бойынша, соның ішінде бүгінгі таңда міндетті медициналық сақтандырусыз қарастырылмайтын медициналық көмекті ұйымдастыру саласында озық тәжірибемен алмасу бойынша жақын іскерлік қатынастар орнаған. Кез келген ел үшін мұндай жүйені енгізу күрделі, алайда маңызды әрі қажетті кезең. Қазақстан да сол жағдайды өткеруде. Біз қазір сіздердің бір кезде жүріп өткен жолдарыңызбен жүріп келеміз. Сондықтан біз үшін тәжірибе алмасу және үздік практикаларды өзімізге алу негізгі басымдық болып табылады», – деп атап өтті өзінің алғы сөзінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың сәуірінде қазақстандық және литвалық қорлар арасында өзара түсіністік, медициналық сақтандыру, соның ішінде заңнама саласын жетілдіру және халық арасында МӘМС-ті кеңінен насихаттауда тәжірибемен, ақпаратпен және біліммен тұрақты алмасу жөнінде меморандум жасалды. Бүгінгі күнге дейін ол құжат сипатында болып келген еді. Қазақстандық тараптың бастамасы бойынша бұған дейін қол жеткізілген барлық келісімдер қайта жандандырылып, Астанада кездесумен бекітіліп, оның қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды.
Тараптар медициналық көмекті жоспарлау, сатып алу және төлем жүргізудің түзілген процестерін таныстырып, тариф жасау және цифрландыру бойынша тәжірибемен алмасты.

Литва Қорының басшысы Гинтарас Кацявичус қазақстандық медициналық сақтандыру жүйесіндегі ілгерлеуді, әсіресе келісімшарттарды жасау процестерін автоматтандыруды жоғары бағалады. Оның айтуынша, аталған тәжірибе көптеген елдерді қызықтыруы тиіс.

Айта кетейік, Германия, Ресей, Словакия, Чехия және Польша елдерінің медициналық сақтандыру жүйесі секілді литвалық модель де қазақстандық МӘМС жүйесіне негіз болды.
Литвалық қонақ екі жүйенің ұқсастығы туралы айта келе, олардың әлеуметтік бағдарлануын – екі елде де азаматтардың әлеуметтік әлсіз топтары үшін мемлекет төлейтіндігін атап өтті. Литвада олардың саны 2,8 млн тұрғынның 50%-ын, ал Қазақстанда 20 млн адамның шамамен 60%-ын құрайды. Бүгінгі таңда Литвада халықтың 99,2%-ы медициналық сақтандырумен қамтылған. «Қандай жүйе болмасын, ол барлық тұрғындарды қамтуы тиіс. Алайда Қазақстаннан айырмашылығы, бізде дискальдық тәртіп жоғары, яғни жарнаны тиімді жинау механизмдері жылдар бойы қалыптастырылды. Егер белгілі бір уақытта жүйеден шығып қалып және жарна төлемеген болсаңыз, сіздің атыңызға қарыз жинақталады. Пациентке кез келген жағдайда медициналық көмек көрсетіледі. Алайда осыдан кейін ол соңғы 5 жылда барлық қарызды жабуы тиіс», – деп бөлісті Гинтарас Кацявичус.

Кездесу соңыда тараптар ынтымақтастыққа деген ашықтық пен сенім білдіргені үшін бір-бірлеріне алғысын айтты.
15.03.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу